әдістемелік кеңес » Толқын орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Толқын орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » әдістемелік кеңес
16
июль
2023

әдістемелік кеңес

«Толқын орта мектебі» КММ

2022-2023 оқу жылы соңындағы бағалау нәтижесі

«Толқын орта мектебі» КММ

   2022-2023 оқу жылы соңындағы өзін-өзі бағалауы


Мақсаты: 2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды талдай отырып, жаңа оқу жылына мақсат-міндеттерді айқындау, жұмыстың тиімді жолдарын анықтау.


Жалпы мемлекеттік қызмет орны туралы мәлімет

  1. Білім беретін қызмет орнының нақты атауы «Толқын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  2. Мекен жайы: Толқын ауылы Жетісу көшесі 4

Тел.: 2-77-83

  1. Құрылыс түрі 1973 жыл1 ғимарат
  2. Жалпы ауданы 1901 ш.м.
  3. Кабинет саны 15
  4. Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманы кім берді? Қазақстан Республикасы Әділет министірлігі Алматы облысының Әділет департаменті
  5. Оқыту тілі қазақша. БИН:  89050000010
  6. Мектептегі оқу сыныптары, кабинеттер, шеберхана, зертхана, мәжіліс залы мен спорт залдары туралы мәлімет:

Мәжіліс залы -1

Компьютер кабинет -1

Спорт залы -1

Шеберхана -1

Зертхана -1

Асхана -1

Кітапхана -1

Дәрігерлік бөлме -1

Оқушылар туралы мәлімет:

МАД тобы 1/15

Жалпы оқушылар саны – 147

Оқу озаты – 26; 

екпіндісі – 63; 

үлгермеуші оқушы – жоқ .

Мектеп  бойынша сапа – 64,96% , үлгерім – 100% құрады.  

ҰБТ бойынша орташа көрсеткіші -75,7 балл


    Қазақстан   Республикасының   2030 жылға  дейінгі   стратегиялық даму бағдарламасында   көрсетілгендей, білім  беруді  инновацияландыруға  сай   икемдеу  үшін, білім   беру   жүйесін ақпараттандыру  талабы  қойылып   отыр. Осы мақсатқа жетуде  жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса мән берілуде.

    Қазіргі таңда білім  беру жүйесінің  басты  міндеті - ұлттық  және   адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері  негізінде жеке  адамды   қалыптастыруға, дамытуға   және  кәсіби  шыңдауға   бағытталған білім алу үшін   қажетті жағдайлар жасау, оқытудың   жаңа  технологиясын  енгізу, білім   беруді  ақпараттандыру. 

           Біз жалпыға міндетті білім беру стандартын толық меңгеруге  кепілдіміз. Осы стандартты мектебімізде берілген шарттарға, ережелерге сүйене отырып іске асырсақ ,мектеп сапалы білім мен саналы тәрбиенің ошағына айналады.

     Осыған орай, мектеп ұжымы 2020-2021 оқу жылында  білім беру  мақсатын жүзеге асыру барысында басымдықтарды анықтап, «Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы  функционалдық сауаттылығы дамыған тұлғаны тәрбиелеу, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбы бойынша жұмыс жасады. Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін білім алушыларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтамасыз етуден бастадық.

Жалпыға бiрдей мiндеттi оқумен қамту - сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етудің алғышарты .

    Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бiрдей мiндеттi оқумен қамту төмендегі жұмыстардан қамтиды.(оқушылар қозғалысы, оқушылар контингенті,тасымалдау,әлеуметтік статусы бар оқушылармен жұмыс,денсаулығы бойынша тіркеуде тұратын оқушылармен жұмыс,қиын оқушылармен жұмыс,оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру,балаларды мектепалды даярлық тобына қамту, оқушыларды мамандыққа баулу,оқушыларды еңбекпен қамту)сияқты жұмыстарды қамтиды. 


Жалпыға бірдей білім беру 2022-2023 оқу жылында Толқын орта мектебіне қарасты мөлтек ауданында 0-18 жас аралығындағы бала саны – 236, оның ішінде 0-6 жас аралығында 73 бала. Жоспар бойынша 2022-2023 оқу жылында мектеп алды даярлық сынып саны – 1, оқушысы саны – 15 болды және қабылданды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алып,оқу-тәрбие процесін ұйымдастырдық.

         2022-2023 оқу жылында мектеп бір  ауысымда жұмыс істеді. 1-11 сынып және МАД тобы  оқыды. Оқу жылын  11+МАД тобы  сынып комплектісімен,   147 оқушы, 1 топ -15 мектепалды даярлық бүлдіршінімен   аяқтады. 

Оқу жылына сынып комплектілерін анықтағаннан кейін мектеп оқушыларының әлеуметтік статусын анықтау мүмкіндігіне ие болдық. Мектептің әлеуметтік паспортын дайындау тең құқылы білімге негізделеді. 

 2022-2023 оқу жылында 147 оқушының 64 оқушысы 43 % әлеуметтік статусы бар топқа жатқандығы белгі болды. 


      Сандық мәліметте аса өзгеріс болмағанымен, оқушы мәліметінде өзгерістер бар. Жалпы оқушы саны 147, анасы жоқ 8 окушы 5.4 пайыз,  әкесі жоқ 11 оқушы 7.5 пайыз, көп балалы 68 оқушы 44.2 пайыз, Атаулы әлеуметтік көмек алатындар жыл басында 5 оқушы еді, жыл аяғында 8 оқушы болды. Мүмкіндігі шектеулі 2 оқушы, жетім оқушы 2 оқушы, аз қамсызданған 12 оқушыны   құрайды. АСП алатын отбасы балалары үнемі қамқорлыққа алынып,спонсорлар тарапынан азық-түлік, мектеп құралдары,мектеп формалары,қыстық киімдер берілді. Демеушілер 

Жүрсін Жәнібекұлы және Германияның азаматы Джонс тарапынан осы категориядағы оқушыларға көмек қарастырылды. Ата-аналар тарапынан көмек сұраған барлығы  20 ға    жуық өтініш келіп түсті. Келіп түскен сұранысқа сәйкес барлық отбасыға көмек берілді. Мектеп директорының бастамасымен, мектеп әкімшілігі қолдап биылғы мектепке жол акциясына демеушілік етті. 5 отбасының балаларына мектеп рюкзагы мен оқу құралдары және 5 оқушыға мектеп формасы берілді. 

    Аудандық білім бөлімінің қолдауымен 1 балаға мектеп рюкзагы мен оқу құралдары берілді. Тескенсу селолық округінің әкімшілігінен демеуші есебінен жетім және жартылай жетім 3 оқушыға ақшалай 50000 мың теңге көмек көрсетілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылып, ризашылықтарың білдірді. Қазіргі таңда ата-аналар тарапынан ешқандай  арыз -шағым жоқ. 

   Оқушыларды әлеуметтік қолдау үшін 2022 жылдың 1 тамызынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жариялануымен жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы     «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен    бастау алып жыл бойы жалғасын тапты.Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.

         Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау арқылы балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу,балаларға қажетті оқу-құралдары мен қашықтан оқуға қажетті техникалармен қамтамасыз етуге еріктілер мен спонсорларды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Инстаграмм,фейсбук интернет желісінде «Мектепке жол» акциясын насихаттайтын   бильборд  орналастырылып, жүргізілген іс-шаралар салынып отырды.

2022-2023 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін оқушы саны – 3 болды. Олар Ораз Мөлдір, Ораз Махаббат және Нуралбаева Балжан. Үшеуі де жалпы бағдарлама бойынша үйден оқытылады. 

      2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты  басшылыққа алынып, мектептің оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі ұйымдастырылды. ҚР Білім стандарты негізінде білім беріліп, оқу бағдарламасы орындалды.

Қазіргі  қоғамның дамуы, өмірге жан-жақты дайындалған  шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық тұрғыдан бай, терең білімді, яғни әлемдік білім стандарттарына сай келетін тұлға тәрбиелеу, білім беру сапасын арттыру үшін мұғалім  қандай болу   қажеттігін және қоғамымыздағы түрлі өзгерістер мен жаңа тұрпатты  стратегиялық   бағдарламалар,  білім саласына деген талапқа жаңашыл  көзқараспен қарауды қажет ететін міндеттер екені    баршамызға белгілі. 2021-2022 оқу жылы    11-сыныпты   5 түлек аяқтап, 1 түлек «Үздік аттестат» алды. көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда артқан ,  2020-2021 оқу жылында 6 түлек бітірді.  «Үздік аттест» болмады. Яғни ,1 оқушыға «Үздік аттестат» артты. Жыл бойы оқу-тәрбие жоспарына сай мектеп бітірушілерге мектеп психологы мамандық таңдау бойынша «Мамандық таңдау мотиві» сауалнама алып ,дұрыс мамандық таңдауға ағартушылық –психологиялық көмек көрсетті.Себебі ,11 сынып оқушылары жыл басында өз таңдау пәндерін анықтай алмай қиналып ,психологиялық көмекке жүгінді.Мектеп психологы оқушыларға және ата-аналарына  қолдау жасап тренингтер өткізсе, пән мұғалімдері қорытынды аттестаттауға дайындауда қосымша сабақтар өткізді.Кейбір ата-аналар балаларын «Юстади» тест орталығының ақылы қосымша сабақтарына жіберсе,кей ата-аналар репититор жалдап баланың қорытынды аттестаттауға дайындығының   жан-жақты жақсаруына көмек көрсетті. Жоспарға бағытталған жұмыстың нәтижесінде 11-сынып бітірген 5 түлектің 1-і ЖОО, оның ішінде 1-і грант, 3-і колледжге түсті.Қалған оқушылар 1 түлек жұмыспен қамтылды. Яғни, мониторинг бойынша жеке талдау жасасақ: Үздік аттестатқа 1-ге,оқу бөлімінің гранты 5-ге кеміген,жұмыспен қамту 1-ға артқан. 

Сонымен қатар, бірыңғай МАД, 1-11 сынып  аралығында  12  сыныпқа сынып    жиналысы   жүргізілді. Күнделік кз-ға   қалай кіру жұмысты қалай салу, керектігі, ҰБТ ға дайындық мәселесі «ДАРЫН-ОНЛАЙНҒА» қалай тіркелу туралы  талқыланды. 

Елімізде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндіктер бар. Функционалдық сауаттылық - бұл, білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтарының ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдердің қатарына қосылмақ.   

Білім алушыларды халықаралық тәжірибеге сүйеніп,әр мектеп өз білім алушыларын сырттай бағалау жүйесіне дайындау жұмыстары жүргізді. Оқу бағдарламаларындағы өзгерістер мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартының күтілетін нәтижелеріне сәйкес функционалдық сауаттылық пен құзыреттілікті өлшеуге бағытталған сұрақтар халықаралық салыстырмалы зерттеулері PIRLS,TIMSS,PISA арқылы білім алушылардың дағдыларын меңгеру срезіне енгізілетіндігі белгілі. Бірақ, халықаралық зерттеуге дайындық жоспары бар болғанымен жүйелі түрде  жүргізілмеді. Алдағы оқу жылында функционалдық сауаттылықты бағалаудығ басымдықтары болатын математикалық,жаратылыстану бағыттары бойынша жүмыс жүргізіп ,әр пәннен функционалдық сауаттылық мониторингін жүргізсек дейміз.

Негізгі мектепті бітіру бойынша 2020-2021 оқу жылында   9-сыныпты 6 оқушы аяқтап, «Үздік аттестат» алған оқушы жоқ. 2021-2022 оқу жылында  9-сыныпты 13 оқушы аяқтап, негізгі орта білім туралы «Үздік»   аттестатты 1 оқушы иеленді.

2021-2022 оқу жылында алдыңғы жылға қарағанда 9-сыныпты бітірушілер саны 7-ға артқан. «Үздік аттестат» алған оқушы саны да 1-ға өсті.


Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін.

«Үлгермеуші деген кім?» деген кім деген сұрақ туындайды .Үлгермеуші- оқу үрдісінде бір мезгіл аралықта кешенді, қорытынды дайындығы байқалмайтын оқушы.

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет.

 2022-2023 оқу жылында үлгерімі төмен оқушымен жыл бойы жұмыс жүргізілді. Бастауыш сыныптан 5 сыныпқа ауысқан сынып оқушыларының қабілетті жақсы деңгейде деп бағалан оқушыларының математикалық сауаттытылық деңгейлері орташа болды. Оқушының математикалық білім деңгейінің өсу динамикасын 10%-25% деп толықанды айтуға болады.


Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы.

Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады. 

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»демекші, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады.Осыған орай,   мектеп бойынша  жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер саны – 26,  Қысқа мерзімді 72 сағат көлемінде курста –  26, Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны – 3,Мектеп тренерлігінен  өткен   мұғалімдер  саны – 2, Робототехника  негіздері курсынан өткен мұғалімдер саны  - 1,«Биология», «Физика», «Информатика» және «Химия» пәндері бойынша тілдік деңгейін көтеру курсынан өткен мұғалімдер саны – 3,«Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өткен мұғалімдер саны – 1,«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бойынша курстан өткен мұғалімдер туралы мәлімет – 4. Осы көрсеткіштерге қарағанда мектептің педкадрларының кәсіби деңгейлері біршама жоғары. Дегенмен, курстан өткен мұғалімдер өз игерген білімін өзге де мұғалімдермен бөлісу жұмыстары бірізділікке қойылмаған. Ақпараттарды қолдану, бөлісу, тәжірибе алмасу жұмыстары нақты жоспар құруды қажет етеді.   Мұғалімдердің біліктілігін арттыру    перспективалық жоспарға сәйкес жүргізілгенімен, курстан кейінгі тәжірибе алмасу жұмыстары жүйелікті талап етеді. 


 

Мектеп ұжымының сапалық құрамы -сапалы білімнің кепілі.Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы.

Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін — өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады.

Олай болса,мектептің сапалық құрамы сабақ беретін ұстаздардың кәсіби дәрежесінен құрастырылады . 2022-2023   оқу жылында оқу үрдісін 29 мұғалім жүзеге асырса, оның ішінде магистр дәрежесі-1, жоғары білімдісі-27, арнаулы орта-2 оқу жылын аяқтады. 2022-2023 оқу жылында педагог –зерттеуші -3, педагог- сарапшы-8, модератор-6 бар Сонымен қатар биылғы оқу жылында 12 мұғалімнің портфолиосы комиссиядан сәтті өтіп тестке жіберілді. Тесттен 1 педагог-зерттеуші, 2 педагог-сарапшы және 2 педагог-модератор өтті.


 

Мониторингте көрсеткендей педагогтарымыздың кәсіби дәрежесінің едәуір өскендігі байқалады. 

Білім беру саласында қорда­лан­ған мәселенің бірі кадр тапшылығы. Мемлекет басшысының Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы ор­та білімнің сапасы алшақтап бара жат­қанын атап өтті. Оған себеп – ауыл­дық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Мектебімізде химия, тарих пән мұғалімдеріне деген сұраныс туып отыр. Осыған байланысты ЖОО-мен байланыс орнатылып кадрлар тапшылығын шешуге тырысқанымызбен, болашақ мамандардың ауылға деген қызығушылықтары төмен болып тұр. Біз осы мәселені педагогикалық ұжымның ішіндегі жас кадрларды қажеттілік туындаған пәндерге қайта оқыту арқылы мәселе түйінін шешудеміз. 

Мұғалім шығармашылығының  жемісі - дарынды балаларының жеңісі

Дарынды балаларды дамыту өзекті мәселе болып келеді.  Лидерлік, тұлғалық, даралық қабілеті бар оқушылардың шығармашылық потенциалының кең ашылуына жағдай жасау негіздемелері  дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі  ұйымдастыруды жолға қою мақсатында  жасалынды.







5-6сыныптар арасындағы пәндік өребәйгеге

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Пәні

Серікбай Аяла

5

Қазақ тілі мен әдебиеті

Болатқызы Кәусар

6

Қазақ тілі мен әдебиеті

Идимова Ясмина

6

русский язык 

Рапғатқызы Кәусар

5

ағылшын тілі

Бақытқызы Сира

6

ағылшын тілі

Қадылұлы Қағібан

5

Қазақстан тарихы

Қубай Нұрмұхамед

5

математика

Мархабақызы Аяулым

6

математика


          «Айқанат» олимпиадасының 2-ші кезеңіне

8-сыныптан 3 оқушы өтті:

  1. Идимов Мирас
  2. Нұрланбек Мархаба
  3. Ержан Нұрмұхамед

Республикалық «Кенгуру» олимпиадасына қатысып

  1. 5-сынып оқушысы Серікбай Аяла 3-ші орын
  2. 5-сынып оқушысы Абайқызы Мәдина 3-ші орын
  3. 5-сынып оқушысы Қубай Нұрмұхамед 3-ші орын
  4. 5-сынып оқушысы Рапғатқызы Кәусар 3-ші орын

Жетекшісі Нығымет Мәпила.

  1. Базархан Баян 3-орын жетекшісі Ж.Амангелдиева
  2. Жақай Дамир 3-орын жетекшісі Р.Мұқаметқали


Республикалық «Әл-Фараби» математика пәні олимпиадасынан

  1. 5-сынып оқушысы Рапғатқызы Кәусар 2-ші орын
  2. 5-сынып оқушысы Қубай Нұрмұхамед 2-ші орын
  3. 5-сынып оқушысы Ерханұлы Бейбарыс 2-ші орын
  4. 5-сынып оқушысы Асы Алуа 2-ші орын
  5. 5-сынып оқушысы Қадылұлы Қәғібан 2-ші орын
  6. 5-сынып оқушысы Базархан Тұнық 2-ші орын
  7. 5-сынып оқушысы Серікбай Аяла  2-ші орын
  8. 5-сынып оқушысы Айқынқызы Арайжан  3-ші орын

Жетекшісі Нығымет Мәпила.

Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауына қатысып орын алған оқушылар:

  1. Идимов Дильназ 2 орын
  2. Дәрубай Фатима 1 орын
  3. Ерболұлы Ерасыл 1 орын
  4. Нұрсағат Ернар 2-орын
  5. Серікбек Мамыр 2-орын
  6. Тоқай Назым 1-орын
  7. Тоқай Бағым 1орын
  8. Теңізбай Айзере 2-орын
  9. Мұрат Айшолпан 1-орын
  10. Әділхан Айгерім 2-орын

Жетекшісі Касымбаева Бахыткуль


Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауына қатысып орын алған оқушылар:

1.   Қалден Махамбет 2 орын

2.   Базархан Баян  1 орын

3.   Ибдиминова Алина 2 орын

4.   Мәмет Тонық 1-орын

5.   Болатқызы Нұрайша  1-орын

6.   Ержанұлы Нұрәлі  2-орын

Жетекшісі Ж.Амангелдиева


 «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық өнер байқауының жеңімпаздары:

«Вокал» номинациясында Қалихан Айзере 3-орын, Сайлаубай Алуа 2-орын, «Көркем сөз» номинациясында Мұрат Айшолпан 1-орын, Теңізбай Айзере 1-орын. Жетекшісі Б.Касымбаева


«Тәуелсіз Қазақстан» республикалық өнер байқауының жеңімпаздары:

 «Көркем сөз» номинациясында Әлімжан Айдана  1-орын, Базархан Баян және Сайланбекқызы Әйгерім Бас жүлде, Қубай Айзерде 1-орын, Мәмет Тонық 1-орын,  Ержанұлы Нұрәлі 1-орын, Жақай Саян 1-орын, Болатқызы Нұрайша 2-орын Жетекшісі Ж.Амангелдиева


«Тәуелсіз Қазақстан» республикалық өнер байқауының жеңімпаздары:

 «Шығарма» номинациясында Серікбай Аяла  1-орын, «Қолөнер» номинациясында Айдарәлі Нұргелді  1-орын, «Ақындық өнер» номинациясында Қосынбек Кәусар  1-орын алды. Жетекшісі А.Жунисбай


«Ақбота» халықаралық байқаудан Нұрғалым Жадыра 1-орын алды. Жетекшісі Б.Касымбаева


«Үздік математик» байқауынан Серікбек Мамыр 3-орын, Щилко Богдан 3-орын, Ерболұлы Ерасыл 2-орын алды. Жетекшісі Б.Касымбаева


Международный  конкурс "Русский медвежонок"

1. 7 сынып оқушысы Жақай Жансая 1 орын

2. 6 сынып оқушысы Мархабақызы Аяулым 2 орын

3. 6 сынып оқушысы Болатқызы Кәусар 2 орын

4. 3 сынып оқушысы Сайланьек Айгерім 2 орын

5. 7 сынып оқушысы Женіс Жұлдыз 3 орын

6. 7 сынып оқушысы Сатыбалды Айсезім 3 орын

7. 7 сынып оқушысы Оразбекқызы Мейірбан 3 орын Жетекшісі М.Шамиева


1.Футзал  жарыс аймақтық ұлдар 3 орын, қыздар 2 орын

2. Футбол  жарысы аймақтық ұлдар 9-11 сынып арасында 3 орын.

3. Волейбол жарысы  аймақтық 7-8 сынып арасында 2 орын,

9-11 сынып арасында 3 орын

4.Теннис жарысы  аймақтық Тәуелсіздіктің 31 жылдығына орай 1 орын.

5. Дойбы жарысы5-1 сынып арасында қыздар мен ұлдар 2 орын.

6. Шахмат жарысы аймақтық 5-11 сынып арасында ұлдар мен қыздар  2 орын.

7. Тоғызқұмалақ жарысы 5-6, 7-8 сыныптар арасында  2 орын..

8. Сонымен қатар осы жарыстарда оқушылар жеке   номинация бойынша марапаттау қағаздармен марапатталды. Жетекшісі Ә.Жарқымбай


9-сынып оқушысы Қырғызбай Нұржан аудандық «Ғылыми жоба» байқауына қатысып өз жобасын қорғады. Жетекшісі З.Сарыбаева

Облыстық Мың бала олимпиадасынан Идимов Тимур мақтау қағазымен марапатталды.

Айқанат республикалық байқаудың облыстық кезеңіне 8-сынып оқушысы Нұрланбек Мархаба қатысып сертификатпен марапатталды.

8-сынып оқушысы Ержан Нұрмұхамед Жарқын болашақ байқауының аудандық кезеңінен 3-орын мақтау қағазымен марапатталды. 

10А-сынып оқушысы Жігерқызы Гүлназ аудандық өребәйгеден 1 орынмен марапатталды. 



Ұстаздар арасында өткізілген  жылдың үздік сынып жетекшісі байқауына 5-сыныптың сынып жетекшісі Жунисбай Аида қатысты. . 



   Қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс республикалық және халықаралық деңгейде қатысуымыз әлі де болса төмен. Сондай-ақ информатика, химия , ағылшын  пәндері бойынша қабілетті деген оқушыларымыздың өздері аудандық пән олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінбеуі – аталған пәндер бойынша жұмыстың ақсауының көрінісі. Осы орайда аталған мәселені мектепішілік бақылауға қойылуы назардан тыс қалып қалғандығы байқалды. 


Мектепішілік бақылау- оқу- тәрбие үрдісін алға жетелеудің алғышарты.Мектеп iшiндегi бақылау – қойылған мiндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгiзу мақсатында оқу-тәрбие процесiн жан-жақты зерттеу мен талдау. 

Мектепішілік бақылаудың негізгі  мақсаттары білім беру аясында ҚР заңдылықтарын сақтану,білім беру аясында мемлекеттік саясат принциптерін жүзеге асыру,мекеменің іскерлігін көрсететін нормативті құқықтық актілерді жүзеге асыру,білім беру үрдісіне қатысушылардың құқығы мен бостандығын қорғау,білім беруде азаматтардың ата заң құқығын ұстану,мемлекеттік білім беру стандартын ұстану,білім беру сапасын арттыру механизмін дамыту,оқу үрдісі нәтижесінің тиімділігін арттыру,соңғы нәтижені арттыру жауапкершілігіне байланысты білім беру мекемесінің өзіндік принциптерін дамыту,оқыту үрдісін дамыту тенденциясына талдау және болжау жасау болып табылады.

Осыған сәйкес, баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау, мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау, оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау, базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау, мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын бақылау, Оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау, Оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау бөлімдерібойынша жүзеге асырылды. Сондай-ақ пәндердің оқытылу сапасына бақылау кестедегі мерзімге сәйкес жүргізілді және кесте сырғымалы принцип бойынша ауыстырылып отырады.



Мерзімі

Пәннің атауы, сыныптары

Тексеру мақсаты

Жауаптылар

Қайда қаралады?

ақпан

Дене шынықтыру және АӘТД пәндері(Өнер ӘБ апталығы); 2,5,9 сыныптар 

1.ББД стандартқа сәйкестігі;

2.Денсаулық сақтау технологгиясын қолдану деңгейі

А.Жайлыбекова

А.Раматов

ДЖЖ, ақпан

қараша

Бастауыш сыныптары (ӘБ онкүндігі); 3,4 сыныптар математика, 2 сынып жаратылыстану, дүниетану пәндерінің берілу жағдайы

1.ББД стандартқа сәйкестігі;

2. Сабақта АКТ пайдалану деңгейі

А.Жайлыбекова

Ж.Амангелдиева

ДЖЖ, қараша

наурыз

Жаратылыстану пәндері (ӘБ онкүндіктері); , жаратылыстану пәндерінің берілу жағдайы

1.ББД стандартқа сәйкестігі;

2. Сабақта АКТ пайдалану деңгейі

А.Жайлыбекова

М.Нығымет

ДЖЖ, наурыз

қазан

Гуманитарлық пәндері (ӘБ онкүндіктері); , гуманитарлық пәндерінің берілу жағдайы

1.ББД стандартқа сәйкестігі;

2. Сабақта АКТ пайдалану деңгейі

А.Жайлыбекова

М.Садавакасов

ДЖЖ, қазан

сәуір

Жас мамандар  (ӘБ онкүндігі шеңберінде); 

1.ББД стандартқа сәйкестігі

2. Оқытудың 4 дағдысының іске асуы

А.Жайлыбекова


ДЖЖ, сәуір



Сонымен қатар аптадан аптаға айдары бойынша ашық сабақтар өткізілді кесте бойынша, қалыс қалған мұғалімдер болмады. Ашық сабақтар өткізуде жас маман мұғалімдерге тәлімгер көмегі керек екендігі байқалды. 

«Lesson study зерттеу сабақтары - даму мен ілгерілеудің формуласы» тақырыбындағы Еңбекшіқазақ ауданының жетекші және шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған аудандық семинарға ауданның 30 мектебі қатысты. 


Аталған мектептерден 49 мұғалім қатысты.

     Семинарда басында мектептің педагог-ұйымдастырушысы Ж.Нурсултанова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Алтынханова концерттік бағдарламасын көрсетті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Саудабаева Гульмира Саутжановнаға, аудандық білім бөлімінің әдіскері Есімбекова Толқын Мұқановнаға және Нұрлы орта мектебінің директоры Абиткожаева Шайнур Алихановнаға сөз беріліп, мектеп директоры  Сейсебаева Бибигуль жоспармен таныстырып, жоспар бойынша көрсетілген сабақтарға қатысты.


Семинарда сабақты зерттеу бойынша география пәні мұғалімі асанова Гульнур  «Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер» 8-сыныпта география   пәнінен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні   мұғалімі Жайлыбекова Алия «Қазақстандағы туризм» 8-сыныпта, ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарсенбаева Гулфариза «Use of English» 7-сыныпта, 5-сыныптың сынып жетекшісі Жунисбай Аида   «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» тақырыбында сынып сағатын, іс-әрекетті зерттеу сабағы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Амангелдиева Жанар математика сабағынан «Есептер шығару»   тақырыбында сабартар өтілді. Нұрлы орта мектебі ұжымы Лессон стади бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.   Сабақ өткізген пән мұғалімдері өз сабақтарына талдау жасады.

     Семинар соңында қатысушылар өз ой пікірлерімен бөлісіп сабақ беру барысында қандай ерекшеліктер байқағанын, семинардан  алған әсерлерін ортаға салды, үйренген дағдыларын өздерінің күнделікті жұмыс барысында да қолдануларына және алдағы уақытта осындай семинар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізді.

1-11 сыныптар арасында оқитын бала саны – 147  оқушы. 

Бағаланатын 2-11 сыныптар арасында оқитын бала   саны – 137   оқушы. Оның:

Оқу озаты – 26; 

екпіндісі – 63; 

үлгермеуші оқушы – жоқ .

 2-11 сыныптар бойынша сапа – 64,96% , үлгерім – 100% құрады.  


Бастауыш 2-4 сыныптар бойынша -46 оқушы. Оның ішінде:

үздік оқушы саны – 12  

екпінді – 17 

үлгермеуші жоқ.                                    

2-4 сынып сапасы – 63,04%, үлгерім – 100% .


Орта буын 5-9 сыныптар бойынша - 77 оқушы. Оның ішінде:

үздік  оқушы – 12, 

екпіндісі – 38 .  

Үлгермеушілер - жоқ .                           

5-9 сынып сапасы – 64,94%, үлгерім – 100%. 


Жоғарғы буын 10-11 сыныптар бойынша-   14 оқушы 

үздік  оқушы –  2 

екпіндісі –8 

үлгермеуші жоқ.                                      

10-11сынып сапасы – 71,43%,  үлгерім – 100%.





























Сынып   Оқушылар Орт. балл   Жалпы білім сап.%

      Барлығы    Үздік оқушылар Үлгерімі жақсы оқушылар    Үлгерімі орташа оқушылар           

               Барлығы    %      АТЫ-ЖӨНІ        Барлығы    %      Барлығы    %                

2 А 11     5        45,45 Ахметқан Е.        2        18,18 4       36,36 4,27  63,64

                                  Болусбек Ж.                                                       

                                  Жеңіс А.                                                    

                                  Ораз Е.                                                      

                                  Рапғатұлы Т.                                                      

3 А 15     2        13,33 Базарханқызы Б. 6        40     7       46,67 3,92  53,33

                                  Мәмет Т.                                                   

4 А 20     5        25     Дарубай Ф. 9       45      6       30     4,21  70

                                  Идимова Д.                                               

                                  Нұрсағат Е.                                               

                                  Серікбек М.                                                        

                                  Теңізбай А.                                               

Бастауыш білім беру 46     12     27,93           17     34,39 17     37,68 4,13   63,04

5 А 18     6        33,33 Асы А.       4       22,22 8       44,44 4,17  55,56

                                  Базарханқызы Т.                                                

                                  Болусбек А.                                                        

                                  Қубай Н.                                                   

                                  Рапғатқызы К.                                                    

                                  Серікбай А.                                                        

6 А 19     1        5,26  Идимова Я. 10     52,64 8       42,1  4,01  57,89

7 А 10     1        10     Сатыбалди А.      6        60     3       30     4,17  70

8 А 18     2        11,11 Ержан Н.   9       50      7       38,89 3,99  61,11

                                  Идимов М.                                                

9 А 12     2        16,67 Қырғызбай Н.     9        75     1       8,33  4,29  91,67

                                  Талғатұлы Ж.                                                     

Негізгі орта білім беру       77     12     15,27          38     51,97 27     32,75 4,13  64,94

10А-ЖМ 5        1       20     Нуржуман Р.       3       60     1       20     4,46   80

10Ә-ҚГ  5        0       0                3       60      2       40     3,77  60

10 Параллель   10     1       10              6        60     3       30     4,12  70

11 А        4        1       25     Идимов Т.  2        50     1       25     4,48  75

Жалпы орта білім беру      14     2       17,5            8       55     4       27,5   4,3    71,43

Мектеп   137    26     20,23          63     47,12 48     32,64 4,19  64,96



2022-2023 оқу жылында  сыныптар бойынша ең жоғары сапаны 91,67%  9-сынып көрсетіп отырса, ең төменгі сапаны  – 53,33%  сапаны 3-сынып көрсетуде.



   2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша бір пәннен «4» алып үздіктер   қатарына кірмеген оқушы саны – 4. Олар: 

1)  3-сынып оқушысы Ержанұлы Нұрәли – орыс тілі пәнінен,

Шамиева Мариямбуви Илижановна;

2)  6-сынып оқушысы Болатқызы Кәусәр – математика пәнінен,

3)  Мұқаметқали Раушан;

4)  6-сынып оқушысы Нұрсағат Айару – математика пәнінен,

Мұқаметқали Раушан;

   2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша бір пәннен «3» алып екпінділер қатарына кірмеген оқушы саны – 4. Олар: 

1)  2-сынып оқушысы  Рақымбек Райян – ағылшын тілі  пәнінен,

Жунисбай Аида Бакытовна;

2)  4-сынып оқушысы  Айдынгүл Аяулым – математика  пәнінен,

Касымбаева Бахыткуль Кашыиевна;

3)  4-сынып оқушысы  Нұрғалымқызы Жадыра – орыс тілі пәнінен,

Садвакасов Мекетай Турлынович;

4)  6-сынып оқушысы  Әділбекқызы Инабат – ағылшын тілі  пәнінен,

Жунисбай Аида Бакытовна;

Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)  жүзеге асырылды.  

Мектепішілік бақылаудағы  әрекеттерді түзету мен реттеу бойынша пәндер бойынша бақылау, зертханалық, сарамандық жұмыстарды орындау нормаларына бақылау жүргізіліп отырды Тоқсан сайын пән бірлестік жетекшілерінің басшылық жасауымен әр пәннен оқу бағдарламаларының орындау нормаларына бақылау жүргізіліп отырды. Тоқсан сайын пән бірлестік жетекшілерінің басшылық жасауымен әр пәннен оқу бағдарламаларының орындалуы жайында актілер жасалынып отырды. Актілерде көрсетілген сағат сандарының сәйкестігі журнал бойынша оқу-ісінің меңгерушілерімен тексеріліп отырады. 2022-2023 оқу жылында  пәндер  бойынша   оқу бағдарламалары   жоспарланған  жоспарларға сәйкес  жүргізілді. Әр  әдістемелік   бірлестіктің  оқу  бағдарламаларының  орындалуы   туралы  актілері бар. 

Технология пәнінен де материалдық-техникалық базаның нашарлығынан шығармашылық жобалар, сарамандық, шығармашылық жұмыстарды орындауда кедергілер келтірді.

Жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында белгіленген талаптарға оқушылардың білім білік дейгейлерінің сәйкестігін анықтау үшін тоқсан сайын әр пән мұғалімдері тарапынан және жалпы мектеп бойынша оқушылардың білім деңгейінің мониторингі жасалынып отырды. Мониторинг негізінде сыныптардың басым көпшілігінде оқушылардың білім, білік, дағды сапаларының көрсеткіштері стандарт талаптарына сай екендігі анықталды. 

    «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың  қас жауы» тәрбие үрдісі  жалпы  адамзаттық мәдениеттің  бір бөлігі  болғандықтан, бұл үрдіс нәтижелі, жүйелі тәрбие арқылы   жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын анықтайды. Тәрбие жұмысында жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыны жан-жақты дамыту негізгі орын алады. Оқушыны дамытуға оқыту, білім беру, тәрбиелеу үрдістері өзара бірлікте жүргізілгенде ғана  қол  жеткізуге болады. 

2022-2023оқу жылының өзін-өзі басқару ұйымының бір жарты жылдықта жүргізілген жұмыстары зерделеніп,сараптама жасалынды.Еліміздің мүддесін ойлайтын,экономикалық бәсекелестікке қабілетті,білім мен өнерге құштар,елінің тарихын білетін,тілін,дінін,әдет-ғұрып,салт-санасын қастерлейтін,еңбекқор да,  салауатты адами құндылықтар бойына қалыптасқан ,әділетті,қайсар тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы қалыптастыру мақсатында мектептегі тәрбиенің кешенді- мақсатты бағдарламасын басшылыққа ала отырып,мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы құрылып,жұмыс істеуде.Өзін-өзі басқару ұйымының міндеті:

1.Мектеп оқушыларын бірыңғай өзін-өзі басқара алатын,өзіне-өзі сенімді тұлға болуға тәрбиелеу.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге,мектеп ережесінің талаптарын бұлжытпай орындауға үйрету.

3.Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.

        Жоспарға сәйкес іс-шаралар,ұйым мүшелерінің отырыстары,байқаулар,акциялар жүргізіліп отырылды.Атап айтқанда:

2022 жылдың  қыркүйек айында мектептегі өзін-өзі басқару Президентін сайлау өтті

Мектептің ұйымдастырушы-педагогы   Ж.Нурсултанова сөз алып,мектепте білім алушылар арасында әділетті түрде сайлау өтілгені жайлы айтылды.

Сайлауға 3 оқушы қатысты.Арнайы жәшікке сайлауға қатысушылардың  аты-жөні жазылған парақшалар салынды.

Нәтижесінде  «Мектеп Парламентіне» үміткер Нұржуман Райхан -52,4% пайыз көрсеткішпен  «Мектеп-Парламенті» президенті атанды.

Нұрланбек Мархаба -32,9%

Талғатұлы Жаннұр-14,6%  пайыз дауыс жинады.Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Нұржұман Райхан 2022-2023 оқу жылында мектеп президенті болып сайланды.Мектептегі өзін-өзі басқару комитеті арнайы жоспар бойынша жұмыс жасады.Барлық фракция мүшелері  өз жұмыстарын уақытысында және ұқыпты атқарды.

2022 жылдың  қыркүйек айында мектебіміздің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері ұстаздар күніне орай 

        «Ұстаздар -асыл жандар»атты іс-шара ұйымдастырды.Мектеп мұғалімдеріне өлеңдерін арнап ,мерекемен құттықтады.

  Мектебіміздің 2022 жылдың қазан айындағы жоспарына байланысты ӨӨБ ұйымының мүшелері «Ұстаздар күніне» орай видео роликтер жасап,әлеуметтік желіге насихатталып,жүктелді.Мектепішілік концерттер ұйымдастырылып «Өзін-өзі басқару» ұйымы өздерінің ақ тілектерін,сағыныштарын,мұғалімдерге деген ыстық лебіздерін,құттықтауларын концерт арқылы өлең шумақтарын арнады.ӨӨБ ұйымы «Дублер» күнін өткізді.Дублер күніне орай оқушылар  10-11 сынып оқушыларына  мектеп әкімшілігі және мұғалім қызметтері бөлініп,оқушылар сабақ берді.Сонымен қатар мұғалімдер 1-11 сыныптары болып құрылып,оған сынып жетекшілікке оқушылар тағайындалды.

Мектеп әкімшілігіне Директор,оқу ісінің орынбасары,тәрбие ісінің орынбасары болып оқушылар қызмет атқарды. ӨӨБ ұйымының оқушылары осы күні қолдарына гүл алып мұғалімдерді қошеметпен қарсы алып, өз құрметтерін байқатты.

  Қазан айында дәстүрлі түрде екі мереке -Қарттар күні мен мұғалімдер күні аталып өтіледі.

 «Руханият» бөлімі,Мектеп әкімшілігі,педагогикалық құрамы, оқушылар.ата-аналар ұжымдары өз өмірлерінің бір бөлігін мектепке арнаған мұғалімдерді мерекелерімен бейнероликтер арқылы құттықтап,ықыластарын білдіріп,назардан тыс қалдырмады.

Халықаралық қарттар күні біздің назарымызды егде жастағы адамдардың қоғамдағы маңызды рөліне аударуға арналған.

   «Руханият» бөлімі қазан айында рухани адамгершілік бағыты бойынша қаттар күніне орай «Қарттарым,асыл қазынам!»атты іс-шара өтті және бейнеролик түсіріліп,әлеуметтік желіге жүктелді.

     Республика күніне орай, ӨӨБ ұйымы мектепішілік іс-шараларға белсене қатысып,безендіру жұмыстарына белсене ат салысты.Мектебімізде республика күніне орай 1-11 сыныптар арасында көп деген іс-шаралар өтілді.Өтілген іс-шаралар бойынша   ӨӨБ ұйымы бейнеролик түсіріп,әлеуметтік желіге жүктеді.

   Мектеп Президенті ІІІ тоқсаннан бастап біздің мектептің Парламенті жеткілікті үлкен қоғамдық -ұйымдастырушылық жұмыс атқарғанын атап өтті:

«Осы тоқсанда біздің ӨӨБ күшейді және біз көпдеген іс-шаралар өткіздік.Біздің парламент іс-шараларды өткізуде тәжірибе жинады;оларды жақсы ойластыруды үйренді одан да біртұтас болды;басқалардың пікірін тыңдауды,оны бағалауды және тыңдауды үйренді»

  Құқық және тәртіп фракциясы: біздің мектепте сыртқы келбеті бойынша рейдтер және оқушылардың сабаққа кешігуін,күнделіктерінің толтырылуы,кітаптардың тазалығы,тексеріліп отырды.Сондайақ ,оқушылар арасында көптеген қақтығыстар шешілгенін,сондайақ мектеп тәртібінің бұзылуы анықталып,жойыл.анын атап өтті.Орынбасарлары тәртіпті сақтауға көмектесті.

«Қатігездіксіз өмір қалай орнатуға болады?» тақырыбында

 9-10-11 сынып оқушылары эссе жазды.

«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» апталығы өтілді.

Апталықта тақырыпқа сай сынып сағаттары мен

 ұлдар және қыздар жиналысы өтті

Толқын орта мектебінде қыркүйек айының жоспары бойынша

«Құқықтық сауаттылық-заман талабы»

тақырыбында танымдық сабақ,жиналыстар мен сынып сағаттары өтілді

ұлдар және қыздар жиналысы өтті.

Ақпарат және баспасөз фракциясы: министрліктің атқарған жұмысы туралы есеп берді.Олар әр іс-шара бойынша фото есептер жасап, оларды уақытында тапсырды; Мектеп парламентінің хатшысы өз міндеттерін жақсы орындады;Олар мектеп газеті мен сайтқа фото суреттер түсірді;мектеп оқушыларына мерзімінен бұрын ақпарат жеткізілі отырды;бейнеқұттықтаулар түсірілді;осы тоқсанда :

Толқын орта мектебінде «Ақпарат фракциясының»  жоспары бойынша ақпарат бұрышы жасалды

«Ақпарат» фракциясының мүшелері үнемі видео сабақтар жасап ,құттықтауларын жолдап отырды

«Мектеп Парламенті»-нің президенті Нұржұман Райханның ролигі

«Кітап оқу қызықты» тақырыбында оқушыларды кітап оқуға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.Шараға бастауыш сынып оқушылары, орта буын,жоғарғы сынып оқушылары түгел қосылды

«Ақпарат» фракциясының жұмыс жоспары бойынша,                       «Полиглот» сайыс сабағы ұйымдастырылды.

           Оқушылар екі топқа бөлініп,берілген тапсырмаларды үш тілдер орындап шықты,жеңіске жеткен топ дипломдармен марапатталды

Мәдениет және өнер фракциясы атқарылған жұмыстары туралы: фракция жоспары бойынша көпдеген іс-шаралар өткізді.Концерттік бағдарламалар;Ән байқауы;мәнерлеп оқу сайысы;ұйымдастыруға және өткізуге көмектесті.Фото суреттер түсірілі,бейнероликтер сайтқа салынып отырды

«Білімге ұмтылу,еңбекқорлық және отаншылдық» алғашқы қоңырау

салтанатты жиыны өтілді.

Салтанатты жиынның ұйымдастырылып,концерттік бағдарламаның өз деңгейінде өтуін фракция мүшелері қадағалады

«Отбасылық шеберхана» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында көрме ұйымдастырылды.

«Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл» толуына орай қабырға газеттерін шығарды,көрме ұйымдастырды.

Мектебімізде «Алғыс күні»мерекесіне орай «Алғысым парызым» тақырыбында сынып сағаттары өтілді,жоғарғы сыныптарда эссе жазылып,челлендждер жолданып,инстаграмм,фейзбук парақшаларына құттықтау жолданып жарияланды

Мақсаты:балалардың  «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту,ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.Үлкеннің кішіге деген сүйіспешілігін ,сыпайылық қарым қатынасын бекіту



Спорт және салауатты өмір фракциясы:

Толқын орта мектебінде 2022-2023 жаңа оқу жылының қыркүйек айынан күнделікті үнемі таңғы сағат 8:00-ден 8:15ке дейін ,1-11 сыныптар түгел таңғы жаттығу жасалып тұрады.

«Денсаулық» күніне арналған  спорттық шаралар өтілді.Фестивальда футбол,теннис,волейбол,үстел үсті ойындары жүргізілді

Денсаулық фестиваліне белсене қатысқан оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды

Аудандық жарыстарға оқушыларды дайындау жұмыстары жемісті болды.

Теннис,волейбол,баскетбол ойындарынан жарыстарға қатысып отырады

Мектеп медбикесі Совет Анар   оқушылармен  денсаулық сақтау,салауатты өмір жолдарын насихаттай отырып, «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында баяндама оқып,оқушыларды таныстырып өтті.

Ұшқыр ой және дебат фракциясы:

«Ұшқыр ой», «Ой-Дария» дебаттық клубының жүргізілуі

Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге,болжауға,жүйелеп сөйлеуге,өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу.Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақсы қарап,ой толғауға көмектесу мақсатында жыл бойы дебаттар жүргізіліп ортыды.Жыл бойы дебаттар арқылы өз көзқарастарын айтуға машықтанды.Еліміздегі жастар мәселелері,жастардың ертеңгі болашағы,сұрақ-жауап,ситуация туғызу,нақты дәлелдер келтіру арқылы жоғарғы деңгейде дебаттар өтіліп отырды

«Кітап пайдалы ма,ғаламтор пайдалы ма?» дебат ұйымдастылды.

Дебат 8-9-10 сыныптар арасында өтті

«Өз тілің бірлік үшін-өзге тіл тірлік үшін» дебат ұйымдастылды.

Дебат 10-11 сыныптар арасында өтті

«Тіл бар жерде-ұлт бар» тақырыбында дебат

ұйымдастылды.

Дебат 8-9-10 сыныптар арасында өтті.

«Бірыңғай мектеп формасы қажет пе?» дебат

ұйымдастылды.

Дебат 9-10-11 сыныптар арасында өтті.

Үкімет те оппазиция да өз ойларын толық анық жеткізді.Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды

«Экология» фркациясы:

«Менің-ағашым» мектеп алдын көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды.

Мектеп айналасына ағаштар,гүлдер отырғызылды

 «Табиғат тамашалары» тақырыбында сурет көрмесі өтілді

Қорытынды: Өзін-өзі басқару ұйымының басты ерекшелігін негізге ала отырып,оқушылардың білімге патриоттыққа,ата-анаға,үлкендерге,ұстаздарға деген құрметтері арта түсті.Оқушылар өздеріне өмірде бір үлкен жауапкершілік артылғанын түсініп,өздеріне жүктелген міндеттерді қуана орындайтындарын  жеткізіп отыр.

«Толқын орта мектебі»коммуналдық-мемлекеттік мекемесіндегі 2022-2023 оқу жылы бойынша жылдық сараптама.


«Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмысының жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген 

«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін» басшылыққа алынып жасалған .ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылдың 15 сәуірдегі №145 «Рухани-жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес   және Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері»әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1-қазандағы №525бұйрығының жүзеге асырылатындығымен ерекшеленеді.

МАҚСАТЫ: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.

МІНДЕТТЕРІ:

1.Жаңа демократикалық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына ,тұлғаның саяси құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға ,балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне оның балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін ,оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.

3.Этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге,тұлғаның еңбек дағдыларын,экономикалық ойлауын,экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

4.Көшбасшылық қасиеттерін,дарындылығын дамыту,салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу болып табылады.


«Тәртіпке бағынған құл болмайды»-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай,ұрпақ тәрбиесінің қашанда маңызы зор.Оқу жылының басында оқушы сандары анықталып, сынып жетекшілер тағайындалды.Сынып жетекшілерге міндеттері ,атқаратын қызметтері ,қандай мәліметтерді білуі туралы  бағыт-бағдар берілді.Оқушының салауатты өмір сүру ұстанымы,отбасының әлеуметтік жағдайы,мінез-құлқы,өзін-өзі ұстауы,ата-анасымен қарым қатынасы   т.б.Сонымен қатар мектеп пен ата-ана арасындағы  ынтымақтастықты нығайту барысында іс-шаралар жоспары құрылып,жұмыстар атқарылды.Жалпы ата-ана жиналыстары,тұрмыс жағдай төмен отбасылармен үгіт-насихат жұмыстары,мектепте өтілетін дәстүрлі мерекелік іс-шаралар жоспары құрылған.

Мектептегі тәрбие жұмысы 8 бағытқа сүйене отырып жүзеге асады.

Бірінші бағыт-Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие.

Мақсаты:Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты ;тұлғаның саяси ,құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін ,балалар мен жастардың құқықтық санасын ,оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

1-қыркүйек Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны  және «Білімге құштарлық,еңбекқорлық және Отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағатының өтілді.Салтанатты іс-шараның 

Мақсаты:Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды өңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеті:

*Қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерімен таныстыру

*Білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру

*білім алушылардың бойына отаншылдық құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дамыту

1 сынып оқушыларына «Әліппе» тапсырылды.Салтанатты жиынның соңы бірыңғай сынып сағатына жалғасты.

1-11сыныптарда сынып сағаттары өтіліп,білім алушылармен бірге білімге ұмтылу,Отаншылдық,еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлі талқыланды.»Сәлем, жаңа оқу жылы»,»Білім саған жол ашық»,»Менің саяхатым»тақырыбында бейнероликтер жасалып,жазғы демалыста алған әсерлерімен бөлісті.

Құқық бұзушылықтың алдын-алу барысында мектеп психологымен және жасөспірімдер инспекторларымен бірлескен жоспар құрылды.Тәртіп бұзуға бейім оқушылар Шынарбекұлы Еділ-6 сынып,Субанкул Шынғыс-8 сынып оқушысы,Субанкул Ақжол-10 сынып оқушысы,Әділжан Талант -6 сынып оқушыларымен жеке алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты жоспар құрылды.Әрбір баланы жан-жақты зерттеп,мінез-құлықтары айқындалды.Осы мақсатта «Мен қандай оқушымын»сауалнамалар,»Мен кіммін» тренингтер ұйымдастыра отырып,әрбір оқушының адамгершілігі,өмірге деген көзқарасы,ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал жасадық.Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап-тілектеріне орай,қабілеті мен икемдерін дамыту мақсатында әр түрлі спорт секциялары, домбыра үйірмесі,вокал үйірмелеріне тарттық.


Құқық бұзушылықтың алдын-алу ,отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар атқарылып отырды. Жалпы оқушылар жиналысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы № 214-ІҮ »Заңымен таныстырды .Отбасындағы зорлық-зомбылық, мектептегі оқушылар арасындағы әлімжеттілік, тартып алу, қорқыту осының барлығы зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелер  екені жайында айтылды.Балаларға қатыста зорлық-зомбылық» жалпы оқушылар жиналысында баяндама оқылды.«Зорлық-зомбылыққа жол жоқ»,біз бақытты ұландар сурет көрмесі ұйымдастырылды.7-8 сыныптар арасында «»Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ тренинг ұйымдастырылды.9-11 сыныптар арасында «Бопсалау-ұрып-соғудың алдын-алу мақсатында әңгіме ұйымдастырылды«Зорлық –зомбылыққа қарсымыз» сурет көрмесі,сыныа сағаттары өтті.8 сыныпта тренинг ұйымдастырылды.5-11 сыныптар арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбында сауалнама алынды,Сауалнама оқушының аты-жөні жазылмай жасырын түрде өткізілді.Сауалнаманы тексеру барысында мектепте сынып арасында бір-біріне күш көрсетіп,зорлық-зомбылыққа итермелейтін фактілер анықталмады.Зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша әр ай сайын сынып сағаттары, сауалнамалар, тренингтер өтіліп тұрды. "Кибербуллинг деген не?"тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары арасында видеоролик көрсетіліп, кибербуллинг деген не, оның зардабы қандай екендігі жайлы үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.Жалпы кибербуллинг деген адамдарды әлеуметтік желіде қорлау немесе қудалауқорлайтын смс тер,бейнероликтер,жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаға жайса,әдепсіз сөздермен қорласа жеке фотосуретіңді мазақ қылып басқаларға таратса осы кибербуллинг.

Нәтижесінде білім алушылар өз құқықтары мен міндеттерін түсінді. Зорлық-зомбылықтың түрлерін, оның зардаптарын ұқты.Өз ойларын ортаға сала отырып, адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға зорлық-зомбылықты тоқтатуға оны болдырмауға бауырмашылдыққа, мейірімділікке ,имандылыққа тәрбиеленуіне ықпал жасалды.»Қазіргі жастар патриот па?» тақырыбында дебат ұйымдастырып, оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікірталасқа түсті.Нәтижесінде:балалар өз Отананын ,елін, жерін сүюге деген пікірлері қалыптасты және жалпы мәдени ой-өрісі кеңейді,шешендік сөйлеу өнері дағдылары және сендіру әдістері қалыптасты. Құқық бұзушылықтың алдын-алу барысында 1-11 сыныптарда «Баланы қорғау-болашақты қорғау»сынып сағаттары өтілді.Мақсаты:Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып,өз құқықтарын жете білуге өз беттерімен салыстыра білуге,адамгершілік.адалдық,әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін артыру.»Тәртіп-тәрбие бастауы»Психологиялық тренинг өтті.Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып,құқық бұзушылық және қылмыстың алдан-алуға үйрету Жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Құқық бұзушылықтың алдан-алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.»Жыныстық тиіспеушіліктің алдын-алу»бойынша ,жыныстық білім беру сабағы өтті.\

Мақсаты:Қыз балаларды тәрбиелеуде үлкен мән ,үлкен жауапкершілік бар екенін түсіндіру.

9-11сыныптар арасында «Бопсалау, қорқыту,тартып алу»бойынша әңгіме жүргізіліп, оқушылардан ойлары тыңдалды.Пікірлері талқыланды.Сурет байқауы ұйымдастырылды. Мектеп психологы Әлдібаева Мөлдір ұйымдастырумен 9-11сыныптар арасында «Мен өмірді сүйемін»тақырыбында тренинг өтті.Мақсаты:Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау.Өмірге деген құлшынысын арттыру,жағымды қатынасын қалыптастыру."Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"тақырыбында пікірталас өтілді.Мақсаты:Зорлық-зомбылық туралы түсіндіру,адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екенін түсіндіру.Репродуктивті денсаулық,нашақорлық ,маскүнемдіктің алдан-алу барысында дәріс оқылды.»Бала тәрбиесі баршаның ісі» құқық қорғау органдарының адамдарымен кездесу өткізілді.

15.03.2023 жылы Шелек ПБ-ның ЖПҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы ,полиция мойоры Е.Құрамаев 5-11оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша»жиналыс өткізді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-ҚРЗ 442баппен таныстырды.

442-бапта:Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы туралы

1-тармағы

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден тағы 6.00 дейін ойын-сауық мекемелерінде болу заңды өкілдеріне 3-айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2-тармағы.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-таңғы 6.00 дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғатынын ескертті.

3-тармағы

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын айтты.ҚР баланың құқықтары туралы Заңы 2022 жылғы 8 тамыздағы №345бап Баланы алкоголь мен темекі өнімдерінің зиянды әсерлерінен қорғау 1-2 тармақшаларымен таныстырды.Басқару сол сияқты тиісті санаттағы көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару –жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3.Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы -50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулік мерзімге әкімшілік өамаққа алуға әкеп соғады.

4.Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталапжасалған әрекеттер отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4-1 Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер жетпіс айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғадыжәне 15 күн қамауға әкеп соғады.

5.Басқару құқығы жоқ адамға /белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізуге оқытужағдайларын қоспағанда /не көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамға көлік құралын басқаруға беру елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6.Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген ,әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшернідеайыппұл салуға әкеп соғады.Әр баланың жеке басының құқығын,оның ар-намысын сақтау заңмен қорғалған.Осыны ескере отырып, бір-біріңізді сыйлауға міндеттісіздер деді.

Мектеп кітапханасында "Құқықтық сауаттылық"тақырыбында әңгіме ұйымдастырылды.Оқушылар өз құқықтары жайлы, құқықтық тәртіп ,өзін-өзі қалай ұстау керек екені жайлы ой бөлісті. Құқық бұзушылықтың алдын –алу мақсатында «Түнгі рейд» ұйымдастырылды. 21.00 ден кейінгі уақытта көшеден ұсталған оқушылардың сынып жетекшілеріне және ата-аналарына ескерту жасалды. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ОДН қызметкерімен кездесу өтті.Оқушылардың тәртібі,қыздар мен ұлдардың өзін-өзі ұстауы,Мектеп формасының сақталуы, әлімжеттілік, бопсалау,зорлық-зомбылық жайлы айтылды.Түнгі уақыттағы оқушылардың тәртібі жайлы әңгімелесті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын –алу мақсатында ата-аналар арасында сауалнама алынды.Сауалнамада лаңкестік әрекеттердің алдын-алу және оларды болдырмауға ықпал етуге негізделген .»Діни экстремизм әлемге төнген қауіп» сынып сағаттары өтті.»Қатыгездіксіз өмірді қалай орнатуға болады »тақырыбында 8-11 сынып арасында эссе байқауы өтілді.Осы байқауда Ұзақбай Марал 1-орын,Ержан Нұрмухамед 2-орын алып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Ата-аналар арасында «Бала тәрбиесіндег ата-ананың ролі»,»Қиын бала қайдан шығады»тақырыптарында жиналыстар, тренингтер өтіліп тұрады.Аутодиструктивті  мінез-құлықтың алдын-алу барысында жеке жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.»Сенім жәшігі» жұмыс жасайды. Аптасына 2 рет тексеріліп отырады.Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық үйірмелер, домбыра, вокал,компьютерлік графика үйірмелері жұмыс жасайды.Қыздар мен жұмыс,ұлдармен жұмыс жоспар бойынша жүргізіледі.

6-қыркүйек Тіл мерекесіне байланысты жоспар құрылып, атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілді.»Тіл-халықтың жаны» ,»Мемлекеттік тіл-менің тілім»,»тілі таза ұлттың-қаны да таза»,

тақырыптарында сынып сағатары ,»Тілім-тағдырым» 5-7 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Ең үздік сурет салғандары үшін 5- сынып оқушысы Рапығат Кәусар, Асы Алима,Щульга Илья марапатталды.3-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан жарыс өтті.4 сынып оқушысы Теңізбай Айзере мәнерлеп оқудын алдына жан салмады. Мақтау қағазымен және сыйлықпен марапатталды

. Нәтижесінде:оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеуге,халқына деген тіліне деген қызығушылығын арттыру ға ықпал жасалды...Кітапханада «Кітап –рухани қазына» кітапты көп оқығаны үшін 5-сынып оқушысы Айдарәлі Нұркелді мақтау қағазымен марапатталды

Екінші бағыт-Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттыққ ө құндылықтамен нормалармен және дәстүрлермен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын .моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

«Рухани-адамгершілік»

«Жанымда жүр –жақсы адамтәрбие айлығына арнайы жоспар құрылған,жоспар бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды.Оқушылардың ұйымшылдығын,қызығушылығын арттыру,ой-өрісін кеңіту,эстетикалық талғамын достық сезімін және әдемілікке тәрбиелеу мақсатында «Күзгі балл»байқауы ұйымдастырылды.Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. «Мектепке жол аясында» мейірімділік акциясы ұйымдастырылды.

Мақсаты:аз қамтылған және көпбалалаы отбасынан шыққан оқушыларға,жетім балаларға,сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету,әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын-алу.

Акцияның мектепішілік бұйрығы мен жоспары жасалып бекітілді.Демеушілерге хабарландыру жарияланды.  Толқын орта мектебі ұжымының демеушілігімен 3 балаға сумка, оқу     құралдары   әперілді.

Олар:

1.Субанкулов Шынғыс-жетім бала 8 сынып оқушысы

2.Нұралбаева Балжан-анасының тәрбиесінде 4 сынып оқушысы

3.Ибдиминова Алина-көпбалалы 3 сынып оқушысы


Мектеп ұжымының демеушілігімен 2 балаға   мектеп форма берілді.

Олар:

1.Ерханұлы Айарыс-3 сынып оқушысы аз қамсызданған отбасынан.

2.Ораз Айсұлтан-3 сынып оқушысы көпбалалы отбасынан


Тескенсу селолық округының басшылығымен демеуші тарапынан 3 оқушыға 50.000 тенгеден 150.000 тенге  көмек берілді.

1.Щульга Илья –жетім бала

2.Субанкул Шынғыс –жетім бала

3.Нұржуман Райхан-тек анасының тәрбиесінде және көпбалалы


15 оқушы үкімет тарапынан 37.000 тенгеден 555.000 тенге ақшалай көмек алып, мектеп формасымен қамтылды.


Олар:

1.Нұралбаева Аяжан

2.Нұралбаева Балжан

3.Мәжит Айболат

4.Мәжит Жадыра

5.Мәжит Нұрдәулет

6.Берікбол Нұрай

7.Берікбол Алдияр

8.Субанкулов Шыңғыс

9.Щульга Илья

10.Айбекұлы Алғыр

11.Мұрат Ершін

12.Нұржұман Райхан

13.Қалихан аАйзере

14.Тұрдыбек Гүлбақ

15.Идимов Тимур

«Үміт қоры» демеушілігі есебінен 20 балаға сумка,  оқу құралдары әперілді

Қарттардың қоғамдағы орынын,тәлім-тәрбие өнеге көзі екенін түсіндіру мақсатында

 1-қазан Халықаралық қарттар күніне байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушылардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру,үлкенді сылай білуге,өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті.Ардагер ұстаздарға мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыйлықтар ұсынып, құрмет көрсетілді.Нәтижесінде:Оқушылардың бойына, мейірімділік,сүйіспеншілік,жанашырлық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал жасалды.Мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді.5-қазан ұстаздар күніне байланысты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.Өзін-өзі басқару ұйымы дулер күнін ұйымдастыруға және бейнеролик түсіруге ат салысты.Мақсаты:Ұстазды құрметтеуге,сыйлауға үйрету.Ата-анамен мектеп арасындағы ынтымақтастықты күшейту мақсатында»Үлгілі отбасы » байқау ұйымдастырылды.Мақсаты: Отбасын құрметтеу,қадірлеу қасиетерін оқушы бойына дарыту,жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күресетін,адамгершілік сезімдері қалыптасқан үлкенді сыйлайтын ,рухани дүниесі бай азамат болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында ата-аналармен бірлесе отырып,»Үлгілі отбасы» байқауы ұйымдастырылды.Байқауда ата-аналар сұрақтарға жауап берді, көкейтесті мәселелерді шешуде өз ойларымен бөлісті.Өнерлерін ортаға салды. Дәстүр мен ғұрпымызды насихаттады.Нәтижесінде Субанкуловтар отбасы «Өнерлі отбасы»,Рапығаттар «Ынтымақты отбасы»,Ахметжановтар«Үлгілі отбасы»номинациясымен марапатталды.«Кітап-рухани қазына» үлкен үзілісте кітап оқу ұйымдастырылады.Күніне әр сынып оқушылары кесте бойынша 20 минут кітапханада кітап оқиды.Халықаралық әйелдер күніне байланысты 1-5 сыныптар арасында  «Әжелер байқауы» ұйымдастырылды. 4-сынып оқушысы Марат Маржан әжесімен 1-орынға ие болды.»Қош келдің Наурыз»сынып сағаттары, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Наурыз көже таратылды, Қазбек би, Әйтеке би,Төле би, Қабанбай ауылы,Бөгенбай ауылы болып ұлттық өнерді,салт-дәстүрлі насихаттады.Қазақтың ұлттық ойындары асық ату.бес тас, хан талапай ойналып, жеңген командалар мараатталды.«Сыңғырла, соңғы қоңырау»салтанатты жиыны 1-маусым балалар күнімен қатар келді.Соңғы қоңырау балалар күнінің мерекелік іс-шарасымен жалғасты.Сондай-ақ оқушылардың жазғы сауықтыру алаңының ашылу болды.

Үшінші бағыт-ұлттық тәрбие.Мақсаты:Тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ,ана тілін және мемлекеттік тілді ,қазақ халқының ,Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге баулу.

«Дәстүр мен ғұрып»тақырыбында сынып сағаттары өтілді  Мақсаты: құрметтеп,қадірлей білуге ,мейірімділікке тәрбиелеу.Нәтижесінде тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтап,білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып ,салт-дәстүрлерді:»Қазақтың ұлттық өнері »насихатталды.Сондай-ақ ұлттық спорттық ойындар «Тоғызқұмалақ»,»Бес тас»,»Арқан тарту» бойынша жарыстар ұйымдастырылып тұрды.Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны билеуден жарыс ұйымдастырылды.»1-мамыр ынтымақ күніне орай 1-11 сыныптар арасында «Жүзі басқа жүрегі бір,тілі басқа тілегі бір»фестиваль ұйымдастырылды.Әр ұлттың салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,ұлттық тағамдары насихатталды.

Төртінші бағыт-Отбасы тәрбиесі.Мақсаты:ата-аналарды оқыту бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.   «Отбасы күніне байланысты атқарылған іс-шаралар ұйымдастырылды.»Менің отбасым»,»Отбасым-алтын діңгегім» Тақырыптарында сынып сағаттары өтіліп,үлкенді үлгі,кішіні мақтан етуге,отбасының бірлігін сақтап,жанұяның мақтанышы болуға ықпал етілді.

8- сыныпта «Менің -Отбасым» тақырыбында эссе жазылды.»Мен Отбасыммен мақтанам» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жалпы ата-ана жиналысы өтіліп,бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі туралы баяндама оқылды.Сауалнама алынды.Оқушылардің мектеп формасы,мектеп ережесі,оқушылардың тәрбиесі жайлы түсінік жұмыстары жүргізілді.Ата-аналармен психологиялық тренин ұйымдастырылды. «Отбасымен бірге оқимыз»,оқушылар ата-аналарымен ертегі оқып жатқаны жайлы бейнеролик жасалып,кітап –рухани қазына екені түсіндрілді.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артты. Балалардың өмір қауіпсіздігі жол ережесін сақтау, су қауіпсіздігінің алдын-алу,өрт қауіпсіздігі, қаңғыбас иттен сақтану т.б мәселелерге байланысты онлайын  ата-ана жиналысы өтіп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Рахмет сізге ата-анам»,»Рахмет сізге әке» сынып сағаттары өтілді.

Бесінші бағыт-еңбек,экономикалық,экологиялық тәрбие.

Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру,экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

7-сыныптың сынып жетекшісі Асанова Гүлнұр «Экологиялық тәрбиеге»байланысты жобасын қорғады. "Табиғатты қорғау міндетіміз" дебат өтіліп, оқушылар туған елдің табиғатын қорғау, қастерлеу бойынша ой бөлісті.»Үнемдей білесің бе»сынып сағаттары өтілді.Таза мектеп ауласы сенбіліктер ұйымдастырылып тұрды.»Кәсібім-нәсібім» қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.»Мен сүйген мамандық»пікірталас өтіліп, оқушылар өз армандағанн мамандықтары жайлы ой бөлісті.Жазғы мезгілдк көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Көгалдандырудың  мақсаты: Мектеп  жанында    эстетикалық  және экологиялық  тартымды   кеңістік  құру, еңбекқорлықты  өз   мектебіне  деген  сүйіспеншілікк тәрбиелеу.Табиғаты  ұқыпты   қарау, оқушылардың   шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,   салауаты  өмір  салты   дағдыларын  қалыптастыру  және   практикалық – бағдарлы  оқыту  қағидатын   жүзеге  асыру  мақсатында   жасыл  желектер мен гүлдер  есебінен   мектепке  іргелес   аумақтағы   экологиялық  жағдайды  жақсарту. Оқушылар бір – бірімен  қарым – қатынас  жасауды табиғатқа  ұқыпты   қарауды үйренді. 

Нәтижесінде: Олардың  көпшілігі  өсімдіктерге    күтім  жасауды  және   күтімсіз  қалдырмауды  түсінді.

Алтыншы бағыт-Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі.Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиетін қалыптастыру.

«Ұшқыр ой алаңы» «Ойдария » дебат клубының жұмыстары ұйымдастырылып отырды.Әр ай сайын дебат ұйымдастырылып,оқушылардың шешендік қабілеті,ой-өрістерінің дамуына ықпал жасалды.»Мен таңдаған мамандық»,

«Интернеттің пайдасы мен зияны»,»Өз тілім бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін»,»Ауылдағы  білім сапалы ма әлде қаладағы ма» т.б. тақырыптарда7-11 сыныптар арасында дебаттар өткізілді.»Кім жылдам»,»Мың бір мақал---», Болашақ көшбасшы тақырыптарында» жарыстар ұйымдастырылды.

Жетінші бағыт-көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпы мәдени мінез құлық дағдыларын қалыптастыру.

«Әдеп әлемінде» 7-9 сыныптар арасында пікірталас өтті,»Қоғамдық орында өзіңді қалай үстау керек» дебат ұйымдастырылды.6-8 сынып қыздары арасында «Киіне білу де өнер тақырыбында әңгіме жүргізілді.»

«Сәлем түзелмей-әлем түзелмейді» сынып сағатары өтті.

Сегізінші бағыт-дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақсаты:салауатты өмір салты,дене дамуы,психологиялық денсаулықты сақтау.

Денсаулық күніне байланысты «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды.Ұлттық ойындар ойналды.Теннистен,тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылып отырды. Үлкен үзіліс кезінде «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды. Залға парта,орындықтар қойылып,оқушылар келесі сабақ басталғаншы шахмат,шашки, тоғызқұмалақ ойнайды.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Сақтан зиянды әдеттен»,»Шынықсаң шымыр боласың»сынып сағаттары ұйымдастырылып тұрды.»Кім жылдам»,»Толағай»,»ӘКЕМ ,ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»тақырыптарында жарыстар өтіліп тұрды.

Оқу жылы барысында тәрбие жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің жыл бойы атқарған жұмыстарына талдау жасалды.Мектепте жоспарлы тәрбиелік іс-шараларды ойдағыдай өз дәрежесінде өткізу барысында біршама кедергілер де байқалды.

-ата-аналардың балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, 

-жиындарға келмеуі,мектепте өтілетін іс-шараларға балаларымен бірге қатысудан бас тартуы

-мектептегі мат базаның ескіруі/аппаратура/

- интернет желісінің нашарлығы.

Мектепте паспортталған 5 кабинет бар. 

1) №1 химия кабинеті, меңгерушісі              Г.Асанова

2) №2 бастауыш сынып кабинеті, меңгерушісі             Ж.Амангелдиева

3) №3 технология   кабинеті, меңгерушісі                      А.Раматов

4) №4 физика       кабинеті , меңгерушісі                        З.Сарыбаева

5) №5 информатика кабиннеті, меңгерушісі                  З.Идимова


2022-2023 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша төмендегі :

S (Strengths)- күшті жақтары:  

  • Оқушылардың білім сапасы және жылдан –жылға   көтерілуде.

Ø  Мұғалімдер арасында өткізілген аудандық, облыстық    байқауға қатысып, жүлделі орындарды иелену көрсеткіші  жақсаруда.

  • Дарынды оқушылармен жұмыс дұрыс жолға қойылған.Пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар, түрлі байқауларға қатысушылар қатары көбейді.
  • Сабақты зерттеу мен іс-әрекетті зерттеудің қолға алынуы;

W(Weaknesses) - Әлсіз жақтары

  • Кадр тапшылығына болуы; 
  • Мұғалімдердің  дарынды оқушыларға, олимпиада резервтерін дайындауға салғырт қараулары;
  • Пән мұғалімдерінің тілді оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді  меңгере алмауы;
  • Оқушылар білімінің бастауышта жоғары бағалануы
  • сабақты зерттеу және іс әрекетті зерттеу жұмыстарының жүйелі түрде жүзеге аспауы, оның білім сапасына әсер етпеуі

O (Opportunities)- мүмкіндіктері

  • Инновациялық жұмысты жандандыру
  • Оқытудың интерактивті, жаңаша әдістермен жұмыс дағдыларын және оларды кәсіби қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие болу
  • Электронды оқулықтар құру
  • Оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарының енгізілуі
  • Желілік қауымдастық жұмысы арқылы педагогтардың кәсіби білімдерін жетілдіру
  • Төмен сапа көрсетіп отырған пәндері бойынша іс әрекетті зерттеу жұмыстарын жүргізу

T (Threats) – қауіптер

  • кәсіби қоғамдастықтың және зерттеу сұрағымен айналысатын ұстаздардың жұмыстарының бәсеңдеуі;
  • Қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың мотивациялық қызығушылықтарының төмендегендігі;


2023 жылға оқыту мен оқу үдерісінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін сапалы білімге бағыттауға арналған міндеттерді қабылдады: 

1. Сабаққа SMART мақсат қоя отырып, нәтижеге бағытталған білім беру;

2.Жаңартылған бағдарлама бойынша мұғалімдердің кәсіби курстардан өтуін 100% қамтамасыз ету;

4.10-11 сыныптарға енген тереңдетілген пәндердің оқытылуын басшылыққа алу;

5.Педагогтардың тәжірибесін тарату, өз білімін көтеру жұмыстарын жандандыру;

6.Авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;

7.Оқытудың ақпараттық  әдістерін сабақта тиімді пайдалану;

9. PISA,TIMSS -халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын 

 жетілдіру;

10. Жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;

11.Оқушы үнін тыңдау, оқушылардың қажеттілігін ескеріп жұмыстар жүргізу;

  12. Мектептегі кәсіби қоғамдастықтың жұмысын жандандыру «Тең - теңіне», «Көлденеңінен және тігінен қамқоршылық» қағидаттарын іске асыру

 13. Тұлғалық сапа негізі ретінде оқушыларды рухани тәрбиелеу;

 14.Облыстық «Лессон стади» жобасы аясында зерттеу сабақтарын жалғастыру. 





Похожие публикации: